- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE серіктестерімен бірге өзінің 30 жылдығына орай классикалық музыка концертін өткізді
KASE серіктестерімен бірге өзінің 30 жылдығына орай классикалық музыка концертін өткізді
2023 жылғы 07 қарашада KASE серіктестерімен бірлесе отырып, Биржаның 30 жылдық мерейтойына орай және ҚР Ұлттық валюта күні мен еліміздің қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында "Қазақстан камератасы" мемлекеттік классикалық музыка ансамблінің орындауында салтанатты концерт ұйымдастырды.
Іс-шарада ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин, ҚНРДА Төрағасының орынбасары Мария Хаджиева, KASE Басқарма Төрайымы Алина Алдамберген, "SkyBridge Invest" АҚ Басқарма Төрайымы Шолпан Айнабаева және Nef Kazakhstan Бас директоры Волкан Оскай сөз сөйледі.
Музыканттарының басым бөлігі халықаралық фестивальдар мен байқаулардың лауреаттары болып табылатын оркестр көрермендеріне Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» күйі, Абай Құнанбайұлының "Айттым сәлем Қаламқас" әні сияқты дәстүрлі әуендермен бірге Майкл Джексонның "Billie Jean", "Beatles" тобының "Yesterday" және "Michelle" әлемге әйгілі әндерін, сонымен қатар классикалық музыка туындыларын ұсынып, түрлі репертуарымен қуантты.
Іс-шараның серіктестері "SkyBridge Invest" АҚ, "ОнлайнҚазФинанс" МҚҰ" АҚ (Solva), NеF Kazakhstan, Kazakhstan Wines & Spirits - BRUT ірі дистрибьюторлық компаниясының жобасы болды.
Қазақстан қор биржасы ресми түрде 1993 жылғы 17 қарашада ұлттық валюта – теңге 1993 жылғы 15 қарашада айналымға енгізілгеннен кейін құрылды. Бұл тарихи оқиға Қазақстан Республикасының егемендігін түпкілікті бекітті және ел экономикасы өзінің қаржылық тәуелсіздігінің іргетасын қалады.