- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- "Қор нарығында қаржыландыруды тарту құралдары және олардың артықшылықтары” вебинары
"Қор нарығында қаржыландыруды тарту құралдары және олардың артықшылықтары” вебинары
2022 жылғы 10 маусымда сағат 15:00-де KASE "Қор нарығында қаржыландыруды тарту құралдары және олардың артықшылықтары" вебинарын өткізеді. Бұл вебинар кәсіпкерлердің қаржылық сауаттылығын арттыру және олардың бизнесті қаржыландыруға арналған қор нарығының құралдары туралы хабардарлығын арттыру мақсатында өткізілетін "KASE-де қаржыландыруды тарту" оқыту бағдарламасының алғашқы вебинары болып табылады.
Вебинарда KASE эмитенттерімен және инвесторларымен жұмыс департаментінің бас маманы Шынар Тілеубаева спикер болды. Ол бизнеске арналған қор нарығының құралдары, олардың түрлері мен артықшылықтары туралы, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары туралы айтып берді.
Вебинар бейнежазбасы.