- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE Talks "Банк ЦентрКредит" АҚ-мен
KASE Talks "Банк ЦентрКредит" АҚ-мен
2022 жылдың 24 тамызында сағат 19:00-де Биржа "Банктердің бөлшек клиенттері үшін жаңа мүмкіндіктер" тақырыбында кезекті KASE Talks өткізді: онлайн және офлайн.
Циклдің қонағы "Банк ЦентрКредит" АҚ (БЦК) Басқармасының Төрағасы Ғалым Хусаинов болды, онымен Биржа Басқармасы Төрағасының орынбасары Андрей Цалюк әңгімелесті.
Тақырып аясында БЦК-тің қор нарығында бөлшектеп сату жобасының іске қосылуы сөз болды. Спикер мұның қалай іске асырылатыны, іске қосу жоспарланғанда, қандай бағдарламалық қамтылым пайдаланылатыны, ең бастысы – БЦК-тің бөлшек сауда клиенттері KASE-де жоспарланған IPO шеңберінде акцияларын сатып алуға өтінім беру мүмкіндігіне ие бола ма және оны қалай жасауға болатыны туралы айтып берді.
Қосымша тақырып БЦК акцияларының құнының өсуі болды, оның KASE-дегі бағамы соңғы жылы екі есеге артты. Дәстүрлі түрде-банктің қазіргі және әлеуетті клиенттеріне білуге қызықты болатын жобалары туралы айтылды.
Эфир жазбасын
сілтеме бойынша көріңіз.