- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- "KASE FEST" брокерлер жәрмеңкесі (КазГЮУ Университеті)
"KASE FEST" брокерлер жәрмеңкесі (КазГЮУ Университеті)
2022 жылғы 28 қазанда Астана қаласындағы КАЗГЮУ Университетінде қазақстандық брокерлердің қорытынды жәрмеңкесі – KASE FEST өтті. Іс-шара қазақстандық қор нарығында сауда-саттықты насихаттауға, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық компанияларының IPO қарсаңында инвесторлардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Жәрмеңкеде келушілер "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚазМұнайГаз"ҰК АҚ басшылығымен кездесті. KASE сарапшылары шеберлік сыныптарын өткізді, ал жетекші брокерлер қатысушыларды олардың қызметтерімен таныстырды, қор нарығына инвестициялау бойынша кеңестер берді, ойындар, лотореялар өткізді. Жәрмеңке барысында қатысушылар IPO туралы бәрін білді: бұл не, ол не үшін өткізіледі, тәуекелдер және инвестициялау сомалары. Сондай-ақ, олар KASE мобильді қосымшасында "Биржалық симулятор"-да жаттығып, "Бинго" және "Қаржылық дәм тату"ойындарын ойнады. Жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.
Іс-шараға 300-ге жуық адам қатысты, жаңадан бастаған және қазіргі инвесторлар қатысты.
Іс-шараның бейне есебі
Іс-шара бағдарламасы.
KASE FEST қатысушылары "Биржалық симулятор" жобасына қатысу үшін
AppStore және
Google Play-дан "KASE Mobile" мобильді қосымшасын жүктей алады (15.11.2022 дейін). Жоба аясында қор нарығы туралы көбірек білуге, практикалық дағдыларды алуға, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық компанияларының IPO-на қатысуға болады.