- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE эмитенттері үшін "ESG-факторларын ашу" атты вебинары
KASE эмитенттері үшін "ESG-факторларын ашу" атты вебинары
2021 жылдың 26 мамырында сағат 15:00-де Қазақстан қор биржасы (KASE) экологиялық, әлеуметтік тәуекел және корпоративтік басқару тәуекелі (ESG – Environmental, Social, Governance) тақырыбына арналған оқытушы семинар өткізді. Іс-шара KASE эмитенттеріне арналды.
Қатысушылар алдында KASE Басқармасы Төрағасының орынбасары Ермек Мажекенов, "Қазақстан қор биржасы" АҚ эмитенттерді және Биржа мүшелерін мониторингілеу департаментінің директоры Виктор Литвинов, "Эксперт РА" рейтингілік агенттігінің бас директорының орынбасары Сергей Назаров, "Эксперт РА" рейтингілік агенттігінің корпоративтік, тәуелсіз және ESG рейтингілері бөлімінің директоры Юлия Катасонова, "Прайсуотерхаус Куперc Такс энд Эдвайзори" ЖШС (PwC) кеңес беру қызметі департаментінің менеджері Василий Калабин сөз сөйледі.
Онлайн-семинар барысында тыңдаушылар ESG мақсаттары, ұйымның рейтингісіне әсер ету факторлары және KASE-де ESG ақпаратының ашылуы туралы білді
Вебинар бағдарламасы.