- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- "Қор нарығында капитал тарту" онлайн дөңгелек үстелі (тамыз)
"Қор нарығында капитал тарту" онлайн дөңгелек үстелі (тамыз)
2021 жылғы 27 тамызда Алматы уақытымен сағат 11:00-де (Ақтөбе және Қызылорда қалалары уақытымен 10:00-де) KASE Ақтөбе және Қызылорда облыстарының кәсіпкерлері үшін ZOOM-да онлайн-дөңгелек үстел өткізді. Негізгі тақырып - бизнесті қаржыландыру үшін қор нарығының құралдарын пайдалану мүмкіндіктері.
Қор нарығына шығу - бизнесті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатын компанияның дамуындағы маңызды кезең. Компания өзі үшін қаржыландыруды тартудың неғұрлым ыңғайлы тәсілдерін айқындайды: акцияларды орналастыру немесе облигацияларды шығару.
KASE өкілдері қор нарығы арқылы компанияға өз капиталын ұлғайтуға мүмкіндік беретін қаржыландыру құралдары туралы және қор биржасына кіру өлшемдері туралы айтып берді.
Дөңгелек үстелге қатысу үшін Ақтөбе және Қызылорда облыстары әкімдігінің, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының "Атамекен" ҰКП өкілдері, "Даму" КДҚ" АҚ өңірлік өкілдері және өңір компанияларының басшылары, оның ішінде, компаниялардың қаржылық және заң бөлімшелерінің қызметкерлері шақырылды.