- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- "Қор нарығына капитал тарту" онлайн-дөңгелек үстелі (19 қараша)
"Қор нарығына капитал тарту" онлайн-дөңгелек үстелі (19 қараша)
KASE 2021 жылдың 19 қарашада сағат 15:00-ден 16:45-ке (UTC+6) дейін, ZOOM арқылы онлайн-конференция форматында дөңгелек үстел өткізеді.
Дөңгелек үстел барысында кәсіпкерлер мен компания басшылары қор нарығының құралдары арқылы қаржыландыруды тарту мүмкіндіктерімен танысады. Компанияның қор нарығына шығуы-бизнесті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатын компанияның дамуындағы маңызды кезең. Компания өзі үшін қаржыландыруды тартудың неғұрлым ыңғайлы тәсілдерін айқындайды: акцияларды орналастыру немесе облигацияларды шығару.
KASE өкілдері қор нарығы арқылы қаржыландыру құралдары туралы егжей-тегжейлі айтып береді, олар компанияға жоспарларды дамыту және іске асыру үшін капиталды ұлғайтуға мүмкіндік береді және қор биржасына рұқсат беру критерийлері туралы айтып береді.
Дөңгелек үстелге қатысу үшін әкімдік өкілдері, "Даму КДҚ" АҚ өңірлік өкілдері және өңір компанияларының басшылары, әсіресе, компаниялардың қаржы және заң бөлімшелерінің қызметкерлері шақырылады.
Дөңгелек үстелге қатысу үшін
онлайн-тіркеуден өту қажет немесе мәліметтерді (тегі, аты, компаниясы, лауазымы, электрондық пошта мекенжайы) customers@kase.kz мекен-жайына жолдау қажет.
Барлық ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша Айнұр Батқаловаға хабарласыңыз: тел: +7 727 237 5320, +7 701 401 3804, электрондық пошта мекенжайы: customers@kase.kz, ainur.batkalova@kase.kz.