- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- "IPO Workshop" вебинары
"IPO Workshop" вебинары
2021 жылғы 09 маусымда сағат 15:00-де (GMT+6) Қазақстан қор биржасы (KASE) Еуро-Азия қор биржалары Федерациясымен (FEAS) және Еуропа Қайта Құру және даму банкімен (ЕҚДБ) бірлесіп "IPO Workshop" тақырыбында вебинар өткізеді.
Вебинардың негізгі тақырыптары: компанияны IPO-ға шығару процесін, кезеңдерін (дайындау-іске асыру-IPO посты), қатысушылардың рөлдері мен міндеттерін, IPO жетістігінің негізгі факторларын, сондай-ақ тақырыптық кейстерді (case studies) зерттеу болады.
Іс-шара ағылшын тілінде орыс тіліне аудармасымен өткізіледі. ZOOM алаңы арқылы эфирге қосылуға болады.
Семинар спикерлері:
- Аттила Тот (Attila Toth), ЕҚДБ капитал нарықтарын дамыту тобының сарапшысы;
- Павел Джурич, ЕҚДБ Қаржы құқығы бөлімінің бас заңгер-кеңесшісі.
Вебинар барлық мүдделі компаниялардың өкілдері үшін өткізіледі.
Онлайн-семинарға тіркелу үшін
онлайн-сауалнаманы толтыру немесе деректерді customers@kase.kz поштасына (аты-жөні, компания, лауазымы, электрондық пошта мекенжайы) жіберу қажет .
Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: + 7 727 237 53 20 (іш. 1538) және электрондық пошта customers@kase.kz.
Тіркелген қатысушылар іс-шараға сілтемені 2021 жылдың 01 маусымында алады.