- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE Talks Online – ашық дәрістер (наурыз)
KASE Talks Online – ашық дәрістер (наурыз)
2021 жылы 31 наурызда сағат 19:00-де "Фридом Финанс" АҚ Басқарма Төрағасы Сергей Лукьяновпен KASE Talks Online өтті. Сергей Лукьянов қор нарығына қатысушылардың ұлттық қауымдастығының (ҚНҚҰҚ, Ресей) Директорлар кеңесінің мүшесі, сондай-ақ Ресей өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы жанындағы Қаржы нарықтары жөніндегі комиссияның мүшесі болып табылады.
KASE Talks Online Биржаның Instagram-дағы kase.kz ресми парақшасында тікелей эфирде өтті. Эфир жүргізушісі – Андрей Цалюк, KASE Басқарма Төрағасының орынбасары.
"Брокерлік қызметтерді трансформациялау" тақырыбы аясында спикер "Фридом Финанс" АҚ жұмысы және оның алдағы стратегиялары туралы айтып, келесі өзекті тақырыптарды қозғады – "Халықтық IPO" бағдарламасын жаңарту, зейнетақы активтерін жеке басқаруға беру, сондай-ақ қор нарығын одан әрі дамыту туралы өз ойларымен бөлісті.
KASE Talks жобасы Қазақстан қор биржасының құрылуының 25 жылдығына орайластырылып, 2018 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын құруға және дамытуға елеулі үлес қосқан белгілі қазақстандық қаржыгерлердің қатысуымен дәрістер циклі ретінде басталды.
Бүгінгі таңда Азамат Жолдасбеков, Дамир Қарасаев, Елдар Әбдіразақов, Шолпан Айнабаева, Анвар Сайденов, Елена Бахмутова, Тимур Турлов, Қадыржан Дамитов, Дмитрий Жеребятьев, Санжар Кеттебеков, Болат Жәмішев, ғалым Хусаинов, Ерғали Бегімбетов, Ләззат Ибрагимова, Қайрат Мәжібаев, Дмитрий Забелло, Нұрдәулет Айдосовтың қатысуымен KASE Talks жобасының 18 дәрісі ұйымдастырылды.
COVID-19 коронавирустық инфекциясының пандемиясына байланысты KASE Talks жобасы биржаның ресми аккаунты арқылы Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфир арқылы онлайн форматта жүргізіледі.