- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE-де "1FIT" басшылығының инвесторларымен онлайн кездесуі
KASE-де "1FIT" басшылығының инвесторларымен онлайн кездесуі
2021 жылдың 11 ақпанында сағат 10:00-де KASE-де "1FIT" ЖШС басшылығының инвесторларымен онлайн кездесу өтеді. Компания 2021 жылдың 01 ақпанында "KASE Startup" алаңына рұқсат алды.
Кездесуде "1FIT" ЖШС басшысы Мұрат Әлиханов компанияның ағымдағы жағдайы, 1 млн доллар көлемінде инвестиция тартудың кезекті раундының басталуы және 2021 жылға арналған жоспарлар туралы айтып береді. Модератор ретінде KASE Басқарушы директоры Евгений Мұхамеджанов сөз сөйлейді.
Компания 2018 жылы құрылған, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары бойынша серіктестердің фитнес залдарына қолжетімді онлайн фитнес абонемент ұсынатын "1FIT" сервисінің әзірлеушісі және иесі болып табылады. Қосымшаны жүктеу саны - 133 мыңнан астам. 158 мыңнан астам қолданушылар сабаққа қатысады.
Жобаға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 300 мың долларды құрайды. Компанияның жалпы айналымы 825 мың доллар. Жоба операциялық пайдаға 2019 жылдың тамызында қол жеткізді.
Кездесу ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өтеді.
Іс-шара сұрақтары бойынша g.akim@kase.kz поштасына жазуыңызды сұраймыз.