- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- "Digital IR – коммуникацияның жаңа түрі" вебинары
"Digital IR – коммуникацияның жаңа түрі" вебинары
2021 жылғы 08 қазанда сағат 15:00-де KASE "Digital IR – коммуникацияның жаңа түрі" вебинарын өткізеді.
Қатысушыларға KASE Басқарма төрағасының орынбасары Ермек Мажекенов құттықтау сөз сөйлейді.
Вебинар спикерлері:
- Шолпан Айнабаева, "SkyBridge Invest" АҚ Басқарма Төрайымы;
- Никита Павлов, Шығыс Еуропа және ТМД елдерінің басқарушы компанияларына арналған шешімдерді дамыту бөлімінің, Lipper Еуропа даму бөлімінің коммерциялық директоры;
- Жақып Айтмұхамед, "Даму" КДҚ" АҚ Басқарушы директоры;
- Евгений Мұхамеджанов, "Қазақстан қор биржасы" АҚ Басқарушы директоры, жобаларды дамыту қызметінің басшысы.
Сіз onboarding, PR және IR функциялары, сондай-ақ цифрландыру дәуірінде бизнес-процестерді жолға қою туралы көптеген қызықты нәрселерді біле аласыз. Сізге бүгінгі таңда KASE эмитенттер мен инвесторларға ыңғайлы болу үшін ие болған инновациялар белгілі болады.
Вебинарға қатысу үшін қысқа
онлайн-тіркеуден өту қажет.
KASE тұрақты негізде жұмыс істейтін және әлеуетті эмитенттер мен инвесторлар үшін оқыту іс-шараларын өткізеді. Үш жыл ішінде Биржа серіктестермен бірге инвесторлармен өзара әрекеттесу бойынша жеті іс-шара (IR) өткізді.
2020 жылы инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша оқыту "Governance & Management Consulting", Refinitiv және "ҚазТрансОйл" АҚ қатысуымен "Жаңа шындықтағы инвесторлармен өзара іс-қимыл" тақырыбында өткізілді.