- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- БАҚ өкілдері үшін "Қор нарығы: сауатты жарықтандырамыз" вебинары
БАҚ өкілдері үшін "Қор нарығы: сауатты жарықтандырамыз" вебинары
2020 жылдың 05 тамызында Қазақстан қор биржасы (
KASE) ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА)
Fingramota.kz қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша оқыту жобасымен бірлесіп,
Factcheck.kz және
MediaNet ХЖО Медиа-мектебі серіктестігімен БАҚ өкілдері үшін
"Қор нарығы:сауатты жарықтандырамыз" онлайн-семинар өткізді.
Вебинар спикерлері келесі тақырыптарды қозғады:
- Қазақстанның қор нарығы қалай жұмыс істейді?
- Қор нарығын мемлекеттік реттеу (құқықтық ерекшеліктері) қалай жұмыс істейді?
- Биржалық сандарды және терминдерді қалай түсінуге болады?
- Қаржы реттеушісі қаржы сауаттылығы бойынша қандай жобаларды жүзеге асыруда?
- ҚНРДА (Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі) және KASE сайттарында ақпаратты қалай пайдалануға болады?
Вебинар бағдарламасы (орыс тілінде).
Презентациялар (орыс тілінде):
-
Қазақстан қор биржасы: компанияға, биржалық нарықтарға және операциялық қызметке қысқаша шолу, KASE Басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская;
-
KASE сайтымен жұмыс жасау, KASE ақпарат және статистика Департаментінің талдау Бөлімінің бастығы Тамара Шадиева;
-
Қор нарығын дамытудың негізгі бағыттары мен перспективалары, ҚНРДА бағалы қағаздар нарығын дамыту басқармасының бастығы Александр Камчатный;
-
Қор нарығы: бірге жарықтандырамыз, ҚНРДА қаржы өнімдерінің мониторингі басқармасының бас маманы Дмитрий Акмаев.