- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- "KASE-ге капитал тарту" онлайн дөңгелек үстелі
"KASE-ге капитал тарту" онлайн дөңгелек үстелі
2020 жылғы 23 шілдеде ZOOM алаңында "Қазақстан қор биржасы" АҚ "ДАМУ "кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-мен бірлесіп өңірлердің кәсіпкерлері үшін дөңгелек үстел өткізді.
Кездесуде қор нарығының құралдары арқылы, соның ішінде субсидияланатын облигациялар шығару арқылы қаржыландыруды тарту мүмкіндіктері талқыланды, сондай-ақ ұйымдастырушылар қатысушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.
Аталған іс-шара бизнес-қоғамдастықтың және басқа да мүдделі тұлғалардың қор нарығының құралдары арқылы қаржыландыруды тарту мүмкіндіктері туралы хабардар болуын арттыру бойынша жұмыстар шеңберінде өткізілді.
Эмитенттер мен инвесторлармен жұмыс Департаментіне төмендегі байланыстар бойынша хабарласуға болады:
– жұмыс телефоны: +7 727 237 6019;
– электрондық почта мекен-жайы: customers@kase.kz.