- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE Тараз қаласында Қазақстан қор нарығында қаржыландыруды тарту мүмкіндіктері туралы дөңгелек үстел өткізді
KASE Тараз қаласында Қазақстан қор нарығында қаржыландыруды тарту мүмкіндіктері туралы дөңгелек үстел өткізді
2020 жылдың 18 ақпанында Тараз қаласындп KASE Жамбыл облысының әкімдігімен бірлесіп, Қазақстан қор нарығында қаржы тарту мүмкіндіктері туралы дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара аясында қор нарығы және биржаның ресми сайтында ақпаратпен жұмыс істеу бойынша БАҚ өкілдері үшін шағын өткізді.
KASE Басқарма мүшесі, бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор Қайрат Тұрмағамбетов компанияның жоспарларын дамыту және жүзеге асыруға арналған капиталын арттыруға мүмкіндік беретін, сонымен қатар компанияның беделін жақсарта отырып, оның клиенттер мен серіктестер арасындағы орнын айқындайтын, қор нарығы арқылы қаржыландыру құралдары туралы әңгімеледі.
Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жақыпбаев, Тараз қаласындағы "Даму" қоры филиалының директорының міндетін атқарушы Гульназ Абдирахимова, сондай-ақ дергілікті және атқарушы органдардың өкілдері мен ірі кәсіпорын мекемелерінің өкілдері қатысты.
KASE сондай-ақ, жеке инвесторлар мен "Казпочта" АҚ қызметкерлері үшін қор нарығы туралы оқытушы семинар өткізді. Іс-шара "Казпочта" АҚ қолдауымен өтті. KASE өкілдері семинарда өаржы құралдарымен жұмыс туралы әңгімеледі және қатысушыларды Биржадағы қол жетімді құралдар спектірмен таныстырды.