- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- "Қазақстан Республикасының борыштық нарығы" атты IV дөңгелек үстел
"Қазақстан Республикасының борыштық нарығы" атты IV дөңгелек үстел
Қазақстан қор биржасы ұйымдастырушысы Cbonds-Congress болып табылатын, 2020 жылдың 12 наурызында Алматы қаласында өткен "Қазақстан Республикасының борыштық нарығы" атты IV дөңгелек үстелдің бас серіктесі болды.
Дөңгелек үстелдің жұмысына реттеушілердің, алдыңғы қатарлы банктердің, халықаралық рейтингілік агенттіктердің, бағалы қағаздардың кәсіби қатысушыларының және т.б. өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылармен сәлемдесе отырып, KASE Басқармасы Төрағасы Алина Алдамберген аталмыш іс-шараның маңыздылығына тоқталды. "Ол, Биржа және отандық қор нарығы үшін өзара тиімді ынтымақтастықты құруға бағытталған мұндай кездесулер жалпы нарықты дамыту үшін маңызды бағыттардың бірі деп санаймыз", – деп атап өтті.
Биржа басшысы сондай-ақ, Қазақстан қаржы нарығын реттеу және оның инфрақұрылымына арналған, бірінші сессияның модераторы ретінде сөйледі. Дөңгелек үстелде бүгінгі таңда борыштық нарықтың жұмыс істеуі үшін мемлекетаралық байланыс, инфрақұрылымдық өзгерістер, субъектілердің қаржылық жағдайын дамыту, бәсекелестіктің болуына тікелей байланысты екендігін атап өтті. Алайда, бәсекелестік мемлекеттік монополия және нарық капиталын бақылау жағдайында күрделі мәселек екендігі, қаржылық сауаттылықпен қатар қаржылық мәдениетті де көтеру қажеттігіне тоқталды. Осыған орай, динамиалық талдау және аталмыш сегменттің даму үрдісі, нарық тренді және оның құрылымы, жаңа индикаторды, халықаралық және отандық тәжірибені енгізу қатысушылардың ерекше қызығушылығын туғызды.
Екінші сессияның модераторы Басқарма Төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская болды. Дөңгелек үстел аясында Қазақстан облигациялар нарығының өткір де маңызды мәселелері талқыланды.
"Қазақстан Республикасының борыштық нарығы" атты дөңгелек үстел – қаржылық қауымдастық пен экономиканың нақты секторы өкілдері үшін бірегей коммуникациялық алаң болып табылады.