- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- 2020 жылдың төрт айындағы биржалық нарықтың қорытындысы бойынша KASE онлайн баспасөз конференциясы
2020 жылдың төрт айындағы биржалық нарықтың қорытындысы бойынша KASE онлайн баспасөз конференциясы
2020 жылдың 20 мамырында (сәрсенбі) сағат 15:00-де Қазақстан қор биржасы (KASE) онлайн баспасөз конференциясын өткізді, онда ағымдағы жылдың төрт айындағы қазақстандық биржалық нарық жұмысының қорытындылары бойынша, сондай-ақ KASE қызметінің барысы , биржа жобаларының жүзеге асырылуы және пандемия кезеңіндегі қор нарығының трендтері туралы статистикалық ақпарат ұсынылды.
Іс–шара спикерлері – KASE Басқармасының Төрағасы Алина Алдамберген мен талдау бөлімінің бастығы Тамара Шадиева.
KASE COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу бойынша жұмысын
штаттық режимде жалғастырады.
Өз қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету және өз қызметкерлерінің денсаулығын қорғау мақсатында KASE COVID-19 коронавирустық инфекциясы жағдайында Жұмыс жоспарын әзірлеп, оны іске асыруда. Қызметкерлердің басым бӛлігі Биржаның ресурстарына қашықтан рұқсаттама алу технологиясын пайдаланумен, қашықтан жұмыс жасау форматына
ауыстырылды.
2020 жылдың 20 мамырындағы жағдай бойынша кеңседе ауысым режимінін қамтамасыз етумен жұмыс қызметкерлердің 50 % қашықтықтан жұмыс істеуде.
Толығырақ ақпарат
баспасөз хабарламасында және
презентацияда (орыс тілінде) .