Сауда-саттық ақпарат

Қазақстанда алғаш рет Purchasing Managers' Index (PMI индексі) іскерлік белсенділік индексін енгізуге арналған медиа-брифинг өткізді

2020 жылдың 29 қаңтарында Қазақстан қор биржасы (KASE) алаңында Қазақстанда Purchasing Managers' Index (индекс PMI) енгізу аясында іс-шара өтті. Іс-шараға қаржылық және қаржылық емес компаниялардың қызметкерлері, ақпараттық агенттіктер мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Іс-шараны өткізу мақсаты Қазақстандағы PMI индексін енгізуді жариялау болып табылады, оның қолдану әдістері мен Қазақстан кономикасына талдау жасаудағы пайдаланудың артықшылықтарын түсіндіру. PMI Индексі – өндірістік сектор мен қызмет көрсету саласындағы экономиканың жағдайын көрсететін көрсеткіш болып табылады.

PMI индекстерін пайдалану жеке және мемлекеттік институттарда экономикалық талдау, мониторинг, болжамды және жоспарлауды қалыптастыруда әлемде кеңінен қолданылады.

Іс-шараға Биржа, "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ және IHS Markit Ltd. Өкілдері қатысты. Қазіргі уақытта, PMI индексі мәліметтерін жинақтау және есептеу бойынша алда келе жатқан компания IHS Markit болып табылады. Компания еліміздің 40-тан астам еліндегі экономика индексін есептеумен айналыады. Көбінесе, IHS Markit аймақтық демеушілермен бірлесіп, PMI индексін құрады. PMI Индексі Қазақстанда алғаш рет тарихта IHS Markit 2020 жылы Tengri Partners бастамасы мен демеушілігі аясында атқарылды.

Іс-шара бағдарламасы.

Презентациялар:
Kazakhstan PMI Launch. A critical addition to the economic and market analysis toolkit;
PMI Surveys. Introduction to IHS Markit's PMI™ & Tengri Partners Kazakhstan PMI's.

Баспасөз хабарламасы:
Tengri Partners – спонсор новых PMI™ исследований по Казахстану, проводимых IHS Markit (орыс тілінде);
Tengri Partners Sponsors New PMI™ Surveys for Kazakhstan, Compiled by IHS Markit (ағылшын тілінде).