- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- 2019 жылдың қорытындысы бойынша биржаның, листингілік компаниялардың және БАҚ өкілдерінің белсенді мүшелерін марапаттау салтанаты
2019 жылдың қорытындысы бойынша биржаның, листингілік компаниялардың және БАҚ өкілдерінің белсенді мүшелерін марапаттау салтанаты
Қазақстан қор биржасы (әрі қарай – Биржа, KASE) 2020 жылдың 28 ақпанында 2019 жылдың қорытындысы бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізген листингілік компанияларды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) Қазақстанның қор нарығы мен KASE қызметі бойынша үздік материалдар үшін Биржа мүшелерін марапаттау салтанатын өткізді.
KASE мүшелері
Биржи мүшелері арасында "Корпоративтік облигациялар нарығындағы жыл андеррайтері" номинациясы бойынша жеңімпаз екі қатысушы "SkyBridge Invest" АҚ және "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ болды. 2019 жылы "SkyBridge Invest" АҚ корпоративтік облигациялардың ең үлкен көлемін жалпы сомасы 400 млрд млрд теңгені немесе 21 % орналастырды. Екінші орынды жыл қорытындысы бойынша жалпы сомасы 200 млрд теңгеден астам (11%) облигациялардың андеррайтері болған "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ алды.
"Акциялар нарығының көшбасшысы" номинациясында жеңімпаз биржалық нарықтың осы секторында үлкен сауда-саттық белсенділігін "Фридом Финанс" АҚ көрсетті. Компания 2019 жылды белсенділік коэффициенті (Ka=3,80) аяқтады, жеке тұлғалардың үлесі – "Фридом Финанс" АҚ жалпы брутто айналым сауда-саттығында акциялармен сауда-саттық 37 % астам құрады.
"Корпоративтік облигациялар нарығының көшбасшысы" номинациясында "Фридом Финанс" АҚ белсенді қатысушысы ретінде, 2019 жылдың қорытындысы бойынша белсенділіктің ең жоғарғы коэффициентке 2,84 ие болды.
"Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының көшбасшысы" номинациясында екі қатысушы марапатталды – "Фридом Финанс" АҚ және "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ.
2019 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында ең жоғары белсенділік көрсеткіші "Фридом Финанс" АҚ - 2,07 болса, екінші орынды "Қазақстан Халық жинақ банкі" еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ - 2,01 иемденді.
"Акциялар нарығында жыл маркет-мейкері номинациясында алты атаулы акциялар бойынша маркет-мейкер болып табылатын "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ марапатталды. Маркет-мейкерлік мәмілесінің көлемі "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ 2 млрд теңгеден астам соманы құрады, мәміле мәні – 2 мыңнан астам. "Корпоративтік облигациялар нарығының көшбасшысы" номинациясында корпоративтік облигациялардың 24 шығарылымы бойынша маркет-мейкер міндетін орындайтын, қайталама нарықта маркет-мейкерлік баға белгілеу бойынша жоғары көлемге ие болған "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ атап өтілді. "Инвесторларды тартудағы айтарлықтай үлесі үшін" номинациясында "Фридом Финанс" АҚ жаңа белсенді сауда-саттық шоттары саны көп болғаны үшін жеңімпаз атанды. 2019 жылы "Фридом Финанс" АҚ ашық белсенді шоттар саны 1 133 құрады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша "Шет елдік валюталар нарығы бойынша көшбасшы номинациясы бойынша "Ситибанк Казахстан" АҚ және "Үлеспұл инвестициялық қорлары нарығының көшбасшысы" номинациясы бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ марапатталды.
2019 жылдың қорытындысы бойынша алғашқы борыштық нарықты алғашқы орналастыру рекордтық өсімді (+40 %) көрсетті. Аталмыш сектордағы көшбасшылардың орналастырылған облигациялардың көлемін, шығарылым санын және тартылған инвесторлар санын ескере отырып, анықталды.
2019 жылдың қорытындысы бойынша "Эмиссиялық белсенділігі үшін" номинациясында "Қазақстан тұрақтылық қоры" АҚ ("Баспана" АҚ құқық мирасқоры) және Еуропалық қайта құру және даму банкі марапатталды.
KASE Листингілік компаниялары
2019 жылдың қорытындысы бойынша "Айқындылыққа ұмтылысы үшін" дипломдарымен:
– қаржы секторы компаниялары: "Қазақстан Даму Банкі" АҚ және "Қазақстан Халық Жинақ банкі" АҚ марапатталды;
– қаржылық емес сектордағы компаниялар: "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ және "КазТрансОйл" АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ және KAZ Minerals PLС.
Аталмыш компаниялар листингілік талаптарға қосымша ақпарат ашу жағдайында саны бойынша алдыңғы қатарға шығып, сондай-ақ осы компаниялардың жылдық есебі мазмұны бойынша үздік есептердің тізіміне енді.
БАҚ өкілдері
KASE сондай-ақ, 2019 жылы Қазақстанның қор нарығы және KASE қызметі тақырыбын белсенді қозғаған БАҚ өкілдерін дипломдармен марапаттады. Аталмыш БАҚ өкілдері материалды жоғары кәсіби деңгейде түсінікті әрі қызықты етіп бере білді.
"Қазақстанның қор нарығы және KASE қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді жариялағаны үшін" номинациясы бойынша диплом Ледовских Иринаға ("Курсив" газеті) берілді.
"Қазақстанның қор нарығы және KASE қызметін интернет-ресурстарындағы үздік материал" номинациясында Владимирская Валентинаға ("КазТАГ" халықаралық ақпараттық агенттігі) берілді.