- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- "Биржалық симулятор" жобасының 2019 жылдағы ресми ашылуы
"Биржалық симулятор" жобасының 2019 жылдағы ресми ашылуы
2019 жылдың 29 наурызында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (МУИТ) Қазақстандық қор биржасы ұйымдастырған "Биржалық симулятор" жобасының ресми ашылуы өтті. Жоба KPMG International Cooperative қолдауымен өтті.
Ашылу салтанатында жобаның серіктестері мен KASE мамандары қаржылық сауаттылық және қор нарығындағы жұмыс тақырыбында сөз сөйледі.
"Биржалық симулятор" жобасы аясында KASE-дегі оқу саудасы 2019 жылдың 01 сәуірінде Астана уақыты бойынша сағат 09:00-де іске қосылады. Жоба бір айға созылады және 2019 жылдың 30 сәуірінде аяқталады.
Жоба он бірінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді, биылғы жылы оның басталуы Global Money Week балалар мен жастар арасындағы қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша Дүниежүзілік аптаға орайластырылып отыр.
"Биржалық симулятор" жобасының мақсаты - оқу бағдарламасы шеңберінде өздерінің кәсіби білімдерін кеңейтгісі келетін қаржы-экономикалық және басқа да мамандықтар студенттерінің қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ олардың қор нарығында практикалық жұмыс дағдыларын алу.
Жобаға қатысу мәселелері бойынша мына мекенжайларға хабарласуларыңызды сұраймыз – em@kase.kz, g.akim@kase.kz.
"Биржалық симулятор" жобасына қатысу үшін тіркелу.
.