- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- Ақтау қаласында "Қазақстан қор биржасында капитал тарту" атты дөңгелек үстел
Ақтау қаласында "Қазақстан қор биржасында капитал тарту" атты дөңгелек үстел
2019 жылдың 26 қарашасында Ақтау қаласында KASE Маңғыстау облысының әкімдігі мен "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, Қазақстан қор биржасындақаржы тарту мүмкіндіктері туралы дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара аясында қор нарығы және биржаның ресми сайтындағы ақпарат бойынша БАҚ өкілдері үшін оқытушы шағын семинар өткізілді.
KASE Басқарма мүшесі, бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор Қайрат Тұрмағамбетов компанияға жоспарын дамыту және жүзеге асыруға капиталын арттыруға, компанияның имиджін жақсартатын, сондай-ақ оның клиенттері мен серіктестері арасында позициясын жақсартуға мүмкіндік беретін, қор нарығы арқылы қаржыландыру құралдары туралы әңгімеледі.
Іс-шараға Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда-саттық басқармасы жетекшісінің орынбасары Мұқанбетжан Көбеген, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен ірі кәсіпорын мекемелерінің өкілдері қатысты.
KASE сондай-ақ, "Казпочта" АҚ жеке инвесторлары мен қызметкерлері үшін оқыту семинарын өткізді. Іс-шара "Казпочта" АҚ қолдауымен өтті. KASE өкілдері семинарда қаржы құралдарымен жұмысы туралы және Биржадағы құралдардың қол жетімді спектрі жөнінде әңгімеледі.