- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE Talks – ашық дәрістер (сәуір)
KASE Talks – ашық дәрістер (сәуір)
Қазақстан қор биржасы (KASE) 2018 жылы Қазақстан Республикасының қаржы нарығын құру мен дамытуға елеулі үлес қосқан танымал қазақстандық қаржыгерлердің қатысуымен KASE Talks дәрістер циклін іске қосты.
2019 жылдың 19 сәуірінде KASE Talks дәрісіне Қазақстан Республикасының белгілі қаржыгері, Қазақстан Даму Банкінің Басқарма Төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі Болат Жамишев қатысты.
Болат Бидахметович Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде басшылық қызметтерді атқарды, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау миинстрлігінің зейнетақы агенттігінде, Еуразиялық Даму банкінде, Қаржы ұйымдарын қадағалау және бақылау жөніндегі агенттігінде басшылық қызметтерді атқарды.
Болат Жамишев әр жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және аймақтық дамыту министрлігін басқарды.
40 -тан астам ғылыми басылымдардың және "Қаржы, несие, банк" атты оқулықтың қосалқы авторы. "Кұрмет" және "Парасат" ордендерімен марапатталған.
KASE Talks мақсаты - кең аудиторияға республиканың қаржы нарығының қалыптасу шарттары мен оның дамуына әсер ететін негізгі факторлар туралы ақпараттандыру.
KASE Talks-тың міндеті - Қазақстанның қаржы нарығын одан әрі танымал ету, сонымен қатар KASE және тұтастай алғанда қор нарығы туралы ақпарат беру.
KASE дәрісіне кіру барлық қалаушылар үшін тегін.
Іс-шарадан суреттер (Facebook)
Іс-шарадан бейнежазба (YouTube)