- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- Конференция "Жылдық есеп және корпоративтік басқару"
Конференция "Жылдық есеп және корпоративтік басқару"
Қазақстан қор биржасы (KASE) және "QRA" Рейтингілік агентттігі "Жылдық есеп және корпоративтік басқару" атты конференция өткізді. Біздің сарапшылар қазақстандық жылдық есептердің қорытындысын ұсынды, келесі жылға пайдалы ұсыныстармен бөлісті, сондай-ақ корпоративтік басқарумен айқындылықтың байланысы туралы қорытындысы туралы баяндады.
Мүдделі тараптардың ауқымды көлемімен сапалы қарым-қатынас, есептілік, компанияға деген сенімділікті тудырады, ол жұмыстың тиімділігін арттыруға (мысалы, қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасы мен серіктестермен жемісті жұмыстың арқасында), сондай-ақ қауіпті төмендетуге мүмкіндік береді (мысалы, бизнесті жүргізуге "әлеуметтік лицензия" арқылы). Бұл ұйымның тұрақты дамуы үшін жағымды жағдай жасайды.
Айқындылық деңгейі, сондай-ақ Компанияны корпоративтік басқару деңгейінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Ондайдан менеджмент шешім қабылдау жүйесінің айқындылығы мен тиімділігін қамтамасыз ете алады, және ашық диалогқа дайындығын көрсету көбінесе стейкхолдермен қарым-қатынасының сапасына және Компанияның бизнесін жүргізу шарттарына даярлығына байланысты болып келеді.
Мақсатты аудитория: жылдық есепті дайындауға жауапты, осы процесспен кездескен компанияның IR-мамандары; PR-мамандар, компанияның корпоративтік хатшысы және өзге қызметкерлері.
Негізгі тақырыптар:
- Ақпарат ашу саласындағы стандарттар: неге олар шектеу көрсетпейді, керісінше, көмектеседі.
- Корпоративтік басқару жүйесіндегі айқындылық: сіздің басшылығының үшін месседж.
- Тұрақты даму туралы қалай айту керек және неге онсыз болмайды?
- Стейкхолдермен тиімді қарым-қатынас: дизайн – неге қажеттілік?
- Қазақстандық жылдық есептерді даярлау тәжіриесі: әрі қарай дамуға арналған негізгі табыстар мен мүміндіктер.
Өткізу күні: 2019 жылдың 13 желтоқсаны.
Өтетін жері: Алматы қ, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" көп салалы кешенінің Солтүстік ғимараты.
Конференция аясында "Жылдық есептер мен тұрақты даму туралы есептердің конкурсының" жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.