- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE Day in Nur-Sultan
KASE Day in Nur-Sultan
2019 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан қор биржасы (KASE) Нұр-Сұлтан қаласының ірі компаниясы өкілдері мен биржа серіктестері "KASE Day in Nur-Sultan" бизнес-таңғы ас форматында кездесу өткізді.
Іс-шара кәсіпкерлерді қор нарығының құралдары арқылы қаржыландыруды тарту туралы ақпараттандыруға бағытталған.
KASE Day барысында Биржа басшылығы 2019-2021 жылдарға KASE негізгі даму стратегиясын ұсынды, қаржы нарығындағы жаңа өнімдер мен қызметтер, үрдістер туралы ақпарат берді, сондай-ақ қор нарығында жаңа сауда-саттық клирингілік жүйесін және Орталық контрагент қызметін іске қосу туралы ақпарат берді.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Нұр- Сұлтан қаласының әкімдігі, мемлекеттік сыңайлы сектор компаниялары мен ірі жеке компаниялардың топ-менеджерлері қатысты.
Іскери таңғы ас форматындағы іс-шараны Биржа 2017 жылдан бастап тұрақты түрде өткізіп тұрады. Ағымдағы жылы "KASE Day" Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Ташкент (Өзбекстан), Минск (Беларусь) және Москва (Ресей) қалаларында өткізілді.
Презентациялар:
–
KASE: ағымдағы мәртебесі мен даму перспективасы;
–
KASE: нарық және құралдар;
–
Сауда-саттық технологиясы және ақпарат.