- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- Investor Day in KASE
Investor Day in KASE
04 қазанда Биржада "Investor Day in KASE" іс-шарасы аясында "Ring the Bell for Financial
Literacy" сауда-саттықты жабу салтанаты мен 2019 жылғы жеке инвесторлар арасында
конкурсты жабу салтанаты болып өтті.
"Ring the Bell for Financial Literacy" салтанаты IOSCO (International Organization of Securities
Commissions) жахандық бастама аясында World Investor Week (Международная неделя
инвесторов) деп аталатын Бүкілодақтық биржалар федерациясының бастамасы болып
табылады. Проведение мероприятия "Ring the Bell for Financial Literacy" іс-шарасын өткізу
қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру маңыздылығын көрсетуге және барша халық үшін
қаржылық қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз етуге арналған.
Сонымен қатар, "Investor Day in KASE" іс-шарасы аясында 2019 жылғы жеке инвесторлар
арасында конкурсты жабу салтанаты өткізілді. Биржалық акциялармен сауда-саттықты
түрлендіруге арналған Конкурс 2019 жылдың 01 қыркүйегінен 01 қазанына дейін өткізілді.
Барлығы конкурсқа брокерлік ұйымдардың клиенттері - KASE мүшелері болып табылатын, 454
жеке инвестор қатысты.
Конкурс өткізу кезеңінде 2019 жылы оның қатысушыларымен 137 млн. теңге қаржыға 2 800
мәміле жасалды.
2019 жылы акциялар нарығында конкурстың шарты бойынша кірістіліктің қорытынды мәніне қол
жеткізген конкурс жеңімпаздары:
– ГРАН-ПРИ – Ким Александр Ильич, Қостанай қаласынан, "Фридом Финанс" АҚ клиенті
(кірістілігі – 12,8%);
– I орын – Зарницын Максим Сергеевич, Алматы қаласынан, "Фридом Финанс" АҚ клиенті
(кірістілігі – 10,1%);
– II орын – Кайлыбаев Акжол Ерболатович, Өскемен қаласынан, "Фридом Финанс" АҚ
клиенті (кірістілігі – 9,6%);
– III место – Кокорин Руслан Владимирович, Петропавловск қаласынан, "Казпочта" АҚ
клиенті (кірістілігі – 8,1%);
– Ең белсенді инвестор – Перфилов Евгений Алексеевич, Өскемен қаласынан,
"Фридом Финанс" АҚ клиенті (1 059 мәміле).
"Ең белсенді брокерлік ұйым" номинациясындағы жеңімпаз өз клиенттерінің көп санын
конкурсқа қатысуға тартқан "Казпочта" АҚ брокерлік ұйымы болып табылады.
"Фридом Финанс" АҚ брокерлік компаниясы конкурстың серіктесі болды.
Конкурс шарттары аясында нақты сауда-саттық режимінде KASE Индексі өкілеттік тізімінің
акциялармен сауда-саттық бойынша мәмілелері ескерілді. Сонымен қатар, әрбір конкурсқа
қатысушыларға KASE сауда-саттық жүйесінде кем дегенде екі сатып алу-сату мәмілесін жасау
қажет болды.