- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- "БОЛАШАҚ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ" АТТЫ КІТАП ТҰСАУКЕСЕРІ АЯСЫНДАҒЫ ӘДЕБИ КЕШ
"БОЛАШАҚ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ" АТТЫ КІТАП ТҰСАУКЕСЕРІ АЯСЫНДАҒЫ ӘДЕБИ КЕШ
2019 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан қор биржасы KASE-нің 25 жылдығына орай шығарылған кітаптың тұсаукесері аясында әдеби кеш өткізді.
KASE және қазақстандық биржа нарығының тарихына арналған кітап үш тілде шығарылды: қазақ тілінде – "Болашақ құрылу тарихы", орыс тілінде – "Как создавалось будущее" және ағылшын тілінде – "Building the Future".
Кітапта 1993 жылдың 17 қарашасынан бастап Қазақстан биржалық нарығы мен Қазақстан қор биржасының құрылу және даму тарихы сипатталған. Кітапты дайындау барысында KASE-нің мұрағаттық материалдары, ашық деректер, сондай-ақ қазақстандық қаржы нарығы мен KASE-нің қалыптасуы мен дамуында маңызды рөл атқарған адамдардың естеліктері пайдаланылды.
Іс-шараға кітап баспагерлері, қаржы нарығының өкілдері, сұхбаттары кітапта пайдаланылған сарапшылар, биржа басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Толығырақ ақпарат
баспасөз хабарламасында.