Сауда-саттық ақпарат

2018 жылдың қорытындысы бойынша биржаның, листингілілік компаниялардың және БАҚ өкілдерінің белсенді мүшелерін марапаттау салтанаты

Қазақстан қор биржасы (әрі қарай – Биржа, KASE) 2018 жылдың қорытындысы бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізген листингілік компанияларды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) Қазақстанның қор нарығы мен KASE қызметі бойынша ұздік материалдар үшін Биржа мүшелерін марапаттау салтанатын өткізді.


KASE мүшелері Биржи мүшелері арасында "Корпоративтік облигациялар нарығындағы жыл андеррайтері" номинациясы бойынша жеңімпаз "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) болды.

"Нарық көшбасшысы" номинациясында жеңімпаз биржалық нарықтың осы секторында үлкен сауда-саттық белсенділігін "Фридом Финанс" АҚ көрсетті.
"Корпоративтік облигациялар нарығының көшбасшысы" номинациясында екі қатысушы марапатталды: "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" және "Фридом Финанс" АҚ .
"Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының көшбасшысы" номинациясында "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ марапатталды.

Сегіз атаулы акциялар бойынша маркет-мейкер болып табылатын "Фридом Финанс" АҚ "Акциялар нарығында жыл маркет-мейкері" номинациясында жеңімпаз атанды.
"Корпоративтік облигациялар нарығының көшбасшысы" номинациясында корпоративтік облигациялардың 21 шығарылымы бойынша маркет-мейкер міндетін орындайтын "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ атап өтілді.

"Инвесторларды тартудағы айтарлықтай үлесі үшін" номинациясында "Фридом Финанс" АҚ жаңа белсенді сауда-саттық шоттары саны көп болғаны үшін жеңімпаз атанды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша "ҰБҚ қайталама нарығындағы сауда-саттық көлемі" номинацииясында "SkyBridge Invest" АҚ және "Шет елдік валюталар нарығындағы сауда-саттық көлемі бойынша көшбасшысы" номинациясында "Ситибанк Казахстан" АҚ.

KASE Листингілік компаниялары 2018 жылдың қорытындысы бойынша "Айқындылыққа ұмтылысы үшін" дипломдарымен:
– қаржы секторы компаниялары: "Қазақстан Даму Банкі" АҚ және "Қазақстан Халық Жинақ банкі" АҚ марапатталды;
– қаржы емес секторы компаниялары: "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ және "КазТрансОйл" АҚ.

"Акциялар нарығындағы жыл андеррайтері", "Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының маркет-мейкері", "Деривативтер нарығын дамытқаны үшін" номинациялары бойынша марапатталғандар болған жоқ.

БАҚ өкілдері KASE сондай-ақ, жылы Қазақстанның қор нарығы және KASE қызметі тақырыбын белсенді қозғаған БАҚ өкілдерін дипломдармен марапаттады. Аталмыш БАҚ өкілдері материалды жоғары кәсіби деңгейде түсінікті әрі қызықты етіп бере білді.
"Баспа БАҚ –ғы үздік мақала"номинациясы бойынша диплом Мадия Төребаеваға ("Курсив" газеті) берілді.
"Интернет-ресурстарындағы үздік материал" номинациясында Татьяна Панченко (forbes.kz интернет-cайты).
"Үздік телесюжет" номинациясында Анастасия Гнатко ("LS TV".Продюсерлік орталығы) марапатталды.

Толығырақ ақпарат баспасөз хабарламасында.