Сауда-саттық ақпарат

БАҚ үшін семинар " KASE интернет-сайты ҚР қор нарығы туралы негізгі ақпараттық ресурсы ретінде"

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2018 жылдың 16 наурызында (жұма), KASE ресми интернет-сайтын іске қосуға байланысты бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін (БАҚ) " KASE интернет-сайты ҚР қор нарығы туралы негізгі ақпараттық ресурсы ретінде" атты семинар өткізді.

Семинарда KASE Басқармасы Төрағасының орынбасары Андрей Цалюк сөз сөйледі. KASE Ақпарат және статистика департаментінің ақпарат және талдау бөлімінің бас маманы Тамара Шадиева KASE жаңа интернет-сайтында қажетті ақпаратты іздеу және алу әдістері туралы әңгімеледі.

KASE тұрақты түрде журналистермен кездесуі ақпараттық саясаттың ашықтылығы мен айқындылығының бір бөлігі болып табылады.

Презентация:
KASE сайтымен жұмыс істеу (орыс тілінде)

Іс-шарадан суреттер (Facebook)