Сауда-саттық ақпарат

Семинар "Қор нарығында қалай сауда жасау керек"

2018 жылдың 28 қыркүйегінде сағат 14:00-де Қазақстан қор биржасы (KASE) алғаш рет жеке инвесторлар үшін "Қор нарығында қалай сауда жасау керек" атты оқыту бағдарламасын іске қосты. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан халқының отандық қор нарығы мен оның мүмкіндіктері туралы хабардар болу деңгейін арттыру.

Бағдарлама тыңдаушыларға қор нарығының инфрақұрылымын және оның негізгі элементтерін толық түсінуді ұсынады, ол қор нарығының субъектілері мен объектілерін және оның негізгі элементтері арасындағы өзара қарым-қатынасты ашатын дәйекті дәрістер сериясын қамтыды. Оқыту бағалы қағаздардың түрлері туралы әңгімеледі, және бағалы қағаздар нарығының алғашқы және қайталама түрлері, бағалы қағаздарға талдау әдістемесі және басқа мәселелерді талдау жасады.

Оқыту бағдарламасында спикер ретінде KASE қызметкерлері мен брокерлік компаниялардың өкілдері қатысты.

Оқыту бағдарламасы тегін жүргізіледі.

Презентациялар (орыс тілінде):
Брокерлік компаниялар
IPO и SPO
Биржадағы сауда-саттық
Бағалы қағаздардың негізгі түрлері
Бағалы қағаздарды талдау негіздері
Қазақстан қор биржасы – инвесторларға арналған сауда алаңы
Қор нарығы – ақшаны оңай және тиімді басқару

Семинарға байланысты барлық сұрақтар бойынша KASE эмитенттермен және инвесторлармен жұмыс жасау департаментке хабарласыңыз: тел. +7 (727) 237 53 00 (іш. 1153), +7 (727) 237 53 20.