- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- "Бағалы қағаздар нарығында қалай сату керек" оқу бағдарлама
"Бағалы қағаздар нарығында қалай сату керек" оқу бағдарлама
2018 жылдың 28 маусымында сағат 14:00-де Қазақстан қор биржасы (KASE) жеке инвесторлар үшін "Бағалы қағаздар нарығында қалай сату керек" атты оқыту бағдарламасын өткізеді.
Оқу бағдарламасын әзірлеу және енгізудің мақсаты отандық қор нарығы және оның мүмкіндіктері туралы Қазақстан халқының білім деңгейін арттыру болып табылады.
Бағдарлама тыңдаушыларға қор нарығының субъектілері мен объектілерін және негізгі элементтері арасындағы өзара қарым-қатынасын ашатын, бірізді дәрістердің сериясынан тұратын, қор нарығының инфрақұрылымы және оның негізгі элементтері туралы тыңдаушыға толық мәлімет беруге бағытталған.
Сонымен қатар, бағдарлама бағалы қағаздардың түрлерін толық ашуға, сондай-ақ бағалы қағаздардың алғашқы және қайталама нарығы түсініктерін ашуға бағытталған. Бағдарламаға сондай-ақ бағалы қағаздарға, бағалы қағаздармен операциялардың негізгі түрлеріне талдау жасау әдістемесін талқылау кіреді.
Оқыту бағдарламасында спикер ретінде KASE қызметкерлері мен брокерлік компания өкілдері қатысады.
Оқыту бағдарламасы тегін жүргізіледі. Оқыту бағдарламасына қатысу үшін жеке тұлғалар тиісті өтінішті customer@kase.kz электрондық мекен-жайына жіберіп, 27 маусымнан кешікпей тіркелуі қажет. Өтініште: аты-жөні, қызметі және байланыс мәліметтері көрсетілуі тиіс.
Іс-шараға қатысу бойынша барлық сұрақтармен KASE Эмитенттер мен инвесторлармен байланыс Департаментіне Ардақ Әшімоваға мына телефонға 237-60-19 хабарласуға болады.
Іс-шараға өтетін мекен-жайы: Алматы қ, "Almaty Towers" БО, Байзақов көшесі, 280 (солтүстік ғимарат), 1 қабат, KASE баспасөз залы.