- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- "Корпоративтік басқару негіздері" атты семинар
"Корпоративтік басқару негіздері" атты семинар
2018 жылдың 20 қыркүйегінде сағат 10:00-де Қазақстан қор биржасы (KASE) қазақстандық компанияларына "Корпоративтік басқару негіздері" атты семинар өткізді.
Аталмыш іс-шараға қатысу компанияда тиімді корпоративтік басқаруды құру саласында компанияның түраұтылығын арттыру және нарықтағы инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін қосымша білім алуға тыңдаушыларға мүмкіндік береді.
"Корпоративтік басқару негіздері" атты семинарда Қазақстан, Тәжікстан, Албания және Косоводағы Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) корпоративтік басқару жобасының үйлестірушісі Адалят Абдуманапова, "Governance & Management Consulting" консалтинг компаниясының бас директоры Градислава Ахметова және KASE мониторинг Департаментінің директоры Виктор Литвинов қатысты.
Семинар аясында сондай-ақ бизнес кейстер бойынша интерактивті жұмыстар атқарылды. Топтардағы қатысушылар бизнестің түрлі ұйымдастыру-құқықтық формаларында корпоративтік басқару жүйесіндегі әлсіз нүктелерді анықтады: мемлекеттік қатысуы бар компания, холдинг, отбасылық компания, жариялық компания, жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Іс-шара бағдарламасы (орыс тілінде)
Презентация
"Корпоративтік басқару негіздері" оқыту бағдарламасы .