- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE Talks – ашық дәрістер (мамыр)
KASE Talks – ашық дәрістер (мамыр)
2018 жылдың 25 мамырында Қазақстан қор биржасы (KASE) өзінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында KASE Talks үшінші дәрісін Қазақстанның ірі қаржы холдингі Centras Group негізін салушысы және иесі Ельдар Әбдіразақовпен кездесу өткізді.
KASE Talks дәрісінде Ельдар Әбдіразақов "Бизнесті, активті және жобаларды стиімді стратегиялық басқару мәселелері" тақырыбында сөз сөйледі.
Ельдар Әбдіразақов "Қазақстан қор биржасы" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және ҚР ҰКП және ҚР Премьер-министрі жанындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі Кеңестің Төрағасы және ҚР ҰЭМ қоғамдық кеңесінің мүшесі. Алматы қаласындағы Бразилияның құрметті консулы қызметін атқарады.
Еліміздің табысты кәсіпкері және қаржыгері Ельдар Әбдіразақов инвестициялық банкинг, тікелей инвестицияны және стартап жобаларды қаржыландыруда айтарлықтай тәжірибесі бар маман.
Ельдар Әбдіразақов Professionalize Kazakhstan жастар үшін әлеуметтік білім беру жобасының бастамашысы және Қазақстандағы Young Presidents’ Organization (YPO) мүшесі болып табылады.
KASE Talks Шолпан Айнабаева Халықтық IPO аясында алғашқы компанияны орналастыру қанай жағдайда өткізілгенін әңгімеледі, пайдалы тәжірибесімен және қызықты жағдайлармен бөлісті.
KASE Talks мақсаты – кең аудиторияға республиканың қаржы нарығының қалыптасу шарттары мен оның дамуына әсер ететін негізгі факторлар туралы ақпараттандыру.
Ельдар Абдразаковтың презентациясы (орыс тілінде)
Іс-шарадан суреттер (Facebook)