- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE Talks – ашық дәрістер (наурыз)
KASE Talks – ашық дәрістер (наурыз)
2018 жылдың 29 наурызында Қазақстан қор биржасы өзінің 25 жылдық мерецйтойы қарсаңында Қазақстан қаржы нарығы тақырыбында KASE Talks ашық дәрістер циклін бастады. Аталмыш жоба аясында Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі мен нарығын құруға елеулі үлес қосқан белгілі қазақстандық қаржыгерлердің сөз сөйлеуі жоспаралануда.
KASE Talks алғашқы спикерінің бірі Қазақстан қор нарығын құрудағы және корпоративтік басқарудағы негізін қалаушы адам, Қазақстан қор биржасының экс-президенті Азамат Джолдасбеков болды.
Әр жылдары Азамат Мырзаданович Қаржы құралдарының Алматы биржасына (AFINEX), Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссиясын басқарды. В қазіргі уақытта ол "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры болып табылады, " Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі " АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, "Казкоммерцбанк" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры, "Казкоммерц Секьюритиз" ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) және "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшесі болып табылады. Азамат Мырзаданович Қазақстаннның қор нарығының даму тарихы мен заң негіздерін құру туралы әңгімеледі.
KASE Talks мақсаты – кең аудиторияға республиканың қаржы нарығының қалыптасу шарттары мен оның дамуына әсер ететін негізгі факторлар туралы ақпараттандыру. KASE Talks міндеті – Қазақстанның қаржы нарығын одан әрі танымал ету, сонымен қатар KASE және тұтастай алғанда қор нарығы туралы ақпарат беру.
Ашық дәрістер циклі – ол өткеннен пайдалы тәжірибе, қазірге әділ көзқарас және болашақтың перспективасы болып табылады. KASE Talks дәрістері кезінде Қазақстанның ақша-несие және валюталық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы сияқты актуалды, банк секторындағы реформалар, еліміздің биржалық нарығының қалыптасуы, зейнетақы және сақтандыру жүйесінің қалыптасуы, брокерлік қызметтің дамуы сияқты тақырыптар ашылмақшы.