- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- Гендерлік құқыққа арналған бағалы қағаздармен сауда-саттықты ашу салтанаты
Гендерлік құқыққа арналған бағалы қағаздармен сауда-саттықты ашу салтанаты
2017 жылдың 09 наурызында KASE 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған бағалы қағаздармен сауда-саттықты ашу салтанатын өткізді. Аталмыш іс-шара KASE Біріккен Ұлттар Ұйымы бастамасы "Тұрақты қор биржалары" (Sustainable Stock Exchanges Initiative, әрі қарай – SSE Бастамасы) бірігу аясында болып өтті. Және әйелдер үшін гендерлік теңдік, тұрақты даму және бизнес мүмкіндіктерін қамтамасыз ету маңыздылығын көрсетуге мүмкіндік берді.
Іс-шараға ҚР Ұлттық Банкі өкілдері, Орталық Депозитарий және KASE мүшесі болып табылатын ірі қаржы ұйымдары қатысты. KASE SSE Бастамасына 2015 жылы қосылды. SSE Бастамасына қатысу KASE нарық капиталының айқындылығы мен тұрақтылығы саласында халықаралық тәжірибеге қосылуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің корпоративтік басқару және әлеуметтік саласында (соның ішінде гендерлік мәселелер бойынша) жауапкершілігін арттыру және экологияны жақсарту идеясын қолдауға көмектеседі.
2016 жылы KASE 2016 жылдың 01 желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізілген, экологиялық, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару бойынша әдістемені жасады. Осыған сәйкес, KASE компанияларға қызметтің барлық ауқымды аспектілері туралы, соның ішінде компанияның гендерлік құрамы бойынша ақпарат ұсынуға мүмкіндік берді. KASE статистикасы бойынша, компания– эмитенттердің 10.5 % (15 из 143) ғана әйелдер болып келеді.
Гендерлік теңдік – қоғамның маңызды мәселесі. Қазақстан, жахандық әлемнің бір бөлігі ретінде, сондай-ақ гендерлік теңдікке қол жеткізуге тырысады.
The Global Gender Gap Index – 2016 сәйкес, Бүкіләлемдік экономикалық форум форума (World Economic Forum), әдістемесі бойынша есептелген, жыныстардың тепе-теңдігі бойынша жахандық зерттеу бойынша 144 елдің ішінде Қазақстан 51-ші орында тұр.