Сауда-саттық ақпарат

KASE Индексінің мәні жұма күні 0,44%-ға 5 608,46 тармаққа дейін өсті

KASE Индексінің мәні бейсенбіде 0,83 %-ға 3 069,90 тармаққа дейін өсті

ҚОР НАРЫҒЫ
KASE Индексінің мәні жұма күні 0,44%-ға 5 608,46 тармаққа дейін өсті. Өкілдік тізімдегі акциялар арасында ең көп мәмілелер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акцияларымен жасалды – 2 532. Мәмілелердің ең үлкен көлемі «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ акцияларына тиесілі болды – 98,6 млн теңге. Өсімді бес эмитенттің – «Эйр Астана» АҚ (+2,33%), «Банк ЦентрКредит» АҚ (+1,52%), Kaspi.kz АҚ (+0,73%), «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (+0,69%) және «Кселл» АҚ (+0,10%) акциялары көрсетті.

АҚША НАРЫҒЫ
Мемлекеттік бағалы қағаздармен (МБҚ) бір күндік мерзімге (TONIA) репо операцияларының кірістілігі 6 б.п.-қа төмендеп, сауда-саттық күнінің қорытындысы бойынша жылдық 14,76% құрады. Бір күндік мерзімге (SWAP-1D (USD)) АҚШ доллары кепілімен теңгені қарыз алу мөлшерлемесі 2 б.п.-қа төмендеп, жылдық 10,22% құрады. Ақша нарығының бір күндік құралдарымен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 547,930 млрд теңгені құрады.

ВАЛЮТА НАРЫҒЫ
Жұма күні сағат 17:00-де сауда-саттық қорытындысы бойынша «ертең» есеп айырысу мерзімімен АҚШ долларының теңгеге шаққандағы орташа өлшенген бағамы 503,22 теңгені құрады. Ұлттық валюта 3,28 теңгеге осалды. Сауда-саттық көлемі 250,052 млн АҚШ долларын құрады. Барлығы 691 мәміле жасалды. Минималды баға – 499,75 теңге, максималды баға – 506,00 теңге, соңғы мәміленің бағасы – 505,30 теңгені құрады.

Лондон ICE Futures биржасында Brent мұнайының сәуір фьючерстерінің құны жұма күні Алматы уақытымен сағат 18.00-де 0,71%-ға төмендеп, барреліне 75,94 долларды құрады.