Т+2 тәртібі деген не және Т+0 тәртібінен артықшылығы неде?
Т+2 тәртібінде қазақстандық қор нарығының қатысушылары, активтердің жартылай депозиттелгенін пайдаланып және мәміле жасалған күннен кейінгі екінші күні қалыптасқан міндеттемелер бойынша есе айырысып, бағалы қағаздармен мәмілелер жасасуға мүмкіндік береді. Осындай мүмкіндік қатысушылардың трназакциялық шығындарын азайтып қана қоймай, есеп айырысу күніне дейін бірнеше жұмыс күн байы активтерді жақсырақ басқаруға қол жеткізеді. Әдетте, дүние жүзінде Т+2 тәртібі есеп айырысудың стандартты циклы болып саналып, Бағалы қағаздар бойынша Халықаралық комиссиясының мәміленің жасалған күнінен бастап оның орындалуына дейінгі кезең үш күннен аспау бойынша талабына толық сәйкес келеді. Т+2 тәртібінің Т+0 тәртібінен артықшылығы, біріншіден, мәмілелер бойынша болашақтағы міндеттемелер, толық емес, жартылай қамтамасыз етілуі тиіс, екіншіден, біздің сауда-саттыққа қатысушылар үшін есеп айырысудың жаңа тәртібі шын мәнінде шетелдік қатысушылар мен олардың клиенттері үшін әдеттегі тәртіп болып табылады. Осыға байланысты Т+2 тәртібі, қазақстандық сауда-саттыққа қатысушылар есебінен белсенділіктің артуы, сондай-ақ сауда-саттыққа шетелдік қатысушыларды тарту есебінен, осы сызбамен саудаланатын, акциялардың өтімділігін арттырады.
Т+2 тәртібінде мәмілелер жасақанда қосымша шығындар пайда болады ма?
Жоқ, себебі комиссиялық алымдардың ағымдағы мөлшерлемесі жартысына азайтылып, ал, тиісті лицензия негізінде KASE көрсететін клирингілік қызметтері үшін алынатын клирингілік алымдар, сол мөлшерде болады (комиссиялық алымдардың ағымдағы мөлшерлемесінің жартысы), сондықтан сауда-саттыққа қатысушылар үшін жалпы биржалық алымдар ұлғаймайды.
Мәмілелер жасасқаннан кейін активтерді шығаруға болады ма?
Т-2 тәртібінде қызмет ететін, қор нарығында есеп айырысу ұйымы болып табылатын, "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ тиісті шоттарында есепке алынатын, сауда-саттыққа қатысушылардың активтері (бағалы қағаздары мен ақшасы) жасалған мәмілелер бойынша қалыптасқан міндеттемелер бойынша төлеу үшін ғана емес, болшақта жасалатын мәмілелерді қамтамасыз ету үшін қолданылады. Осылайша қатысушылармен активтерді шығару мүмкіншілігі осы қатысушылардың шоттарында қажетті активтердің жеткіліктігіне байланысты болады. Жеке шоттағы активтердің жалпы сомасы (саны) мен мәмілелерді, соның ішінде болашақта жасалатын мәмілелерді, қамтамасыз етуге оқшауланған, активтердің сомасы (саны) арасындағы айырмасын ғана шығаруға болады. Кез келген жағдайда, Орталық депозитарийге қатысушымен берілген, актвитерді шоттан шығаруға сауалының әрқайсысы Биржаға активтердің жеткіліктігіне тексеруге жолданып, тексеру табысты өткеннен кейін ғана қатысушыға активтерді шығаруға рұқсат беріледі.
Жоспарлы жайғасым", "ағымдағы (ашылған) жайғасым" деген не?
Биржаның сауда-саттық жүйесінде, әр сауда-саттық шоттың бөлімінде өтінімдер беру және мәміле жасасу нәтижесінде қалыптасатын, жайғасымдардың есебі жүргізіледі, былайша айтқанда, сауда-саттыққа қатысушының сауда-сатық (ақшалай) шотында есепке алынатын, бағалы қағаздардың саны (ақша сомасы) болып табылады. Мұндай есепті сауда-саттық жүйесі автоматты түрде жүзеге асырады. Сауда-саттық жүйесіне берілетін өтінімдер жоспарлы жайғасымдарды, жасалған мәмілелер ағымдағы (ашылған) жайғасымды қалыптастырып, жоспарлы жайғасымның өзгеруіне ықпал етеді.
Есеп айырысулар қай уақытта жасалады? Активтерді жеткізу қалай жүзеге асырылады
Бағалы қағаздармен Т+2 тәртібінде жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуларды, Т+2 күні сауда-саттықтың жабылу уақытынан және клирингілік сессия өткізілгеннен кейін, Алматы уақытымен сағат 19.00-ге дейін Орталық депозитарий жүзеге аысрады. Сауда-саттыққа қатысушылары Т+2 күні Алматы уақытымен 17.20 дейінгі мерзімде активтерін есепке қосуы тиіс.
Активтердің толық жеткізілмеуі мүмкін бе, егер мүмкін болса бұл жағдайда қандай шаралар қолданылады?
Иә, мүмкін. Бұл ретте KASE қолданатын тәуекелдерді басқару және дефолтты реттеу механизмдері активтерді жеткізбеудің салдарын минимизациялауға бағытталған. Кез келген жағдайда, сонығң алдында міндеттемелер орындалмаған сауда-саттыққа қатысушысы күтілетін актвитерінің ақшалай баламасын алады, ол маржалық немесе кепілдік жарналар есебінен де, Биржаның дәрменсіз қатысушылардың міндеттемелерін жабу үшін арнайы құрылған сақтық қоры есебінен болуы да мүмкін.
Т+2 сызбасы бойынша акция сатып алған тұлға дивиденд алуға қашан құқылы болады?
Мәміле жасалғаннан кейін екі күннен соң, акциялар оның шотына аударылғаннан кейін ғана құқылы болады. Басқа сөзбен айтқанда, қандай да бір атаудағы акциялар бойынша дивиденд төлеу үшін тізілімді тиянақтау датасы акцияларды сатып алу мәмілесі жасалғаннан кейінгі екі күнге сәйкес келсе, акциялар шотқа аударылғанға дейін дивиденд алуға осы мәміледе сатушы болған тұлға құқылы болады.
Т+2 тәртібінде берілетін, өтінімдерді немен қамтамасыз етуге болады?
KASE сауда-саттық жүйесіне берілген, бағалы қағаздармен кез келген өтінім, ең кемінде, өтінім берілген бағалы қағаз бойынша маржа мөлшерлемесін ескере отырып, бастапқы маржамен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ретте сатуға өтінім, осы өтінімде көрсетілген бағалы қағаздардың санынан шыға отырып, бағалы қағаздармен толық көлемде қамтамасыз етілуі мүмкін.
Т+2 тәртібінде қандай айыппұлдар қолданыста болады?
Жасасқан мәмілелері бойынша өз міндеттемелерін орындамаған сауда-саттыққа қатысушысы, дәрменсіз деп мойындалып, жіберген дефолтын реттеу жүзеге асырылатын, әр бір күнді ескере отырып, орындалмаған міндеттемелерінің сомасынан 0,1 % құрайтын, өсімақы түріндегі тұрақсыздық төлемін төлеуге міндетті болады.
Т+2 тәртібінде қандай маржа мөлшерлемелері қолданылады?
Маржа бастапқы және қолдау маржасынан тұрады. Бастапқы маржаның мөлшерлемесі бағалы қағаздардың құбылмалылығына қарай орнатылады, демек, бағалы қағаздың құбылмалылығы төмен болған сайын осы бағалы қағаз бойынша мөлшерлеме де төмендейді. Қолдау маржасы бастапқы маржа бойынша міндеттемелерден 80 % құрайды. Бастапқы маржаның мәндері Биржаның ішкі тәуекел-параметрлерін есептеу әдістемесіне сәйкес орнатылып, сауда-саттық қатысушыларына сауда-саттық жүйесінде қолжетімді.
Бағалы қағаздармен несие беру мүмкіншілігі бар ма?
Бар. Т+2 сызбасы бойынша сауда-саттық бірге іске қосылатын, неттингпен репо нарығындағы репо операциялары сауда-саттыққа қатысушыларына есеп айырысуға қажетті активтерді қолайлы мөлшерлемелерменр тартуға, репо операциясының затына меншік құқығының сатушыдан сатып алушыға ауысуымен және осы мәмілелердің жасалу күніндегі (Т+0) ашылу мәмілелері бойынша есеп айырысуға көмектесуге арналған. Репо операцияларының ашылу және бадлу мәмілелерінің нәтижелері, Т+2 сызбасы бойынша жасалған, сауда-саттық мәмілелерінің нәтижелерімен қосып, жалпы неттингке кіргізіледі.
Маржалық жарналардың мөлшерлемелерінің қайта бағалауы жүзеге асырылады ма?
Иә. Бағалы қағаздар үшін маржалық жарналардың мөлшерлемелері, осы бағалы қағаздардың құбылмалылығын ескеріп, күніне бір рет сауда-саттық жүйесінде сауда-саттықтар басталар алдында есептеледі. Бағалы қағаздардың құбылмалығының өзгеруіне қарай маржалық алымдардың мөлшерлемелері қайта бағаланып, мөлшерлемелер жаңартылады.
Т+2 мәмілелері үшін қандай есеп айырысу моделі қолданылады?
DvP-3. DVP (Delivery versus payment) – бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысулардың принципі, мұнда бағалы қағаздардың және ақшалардың қозғалысы қатар жүреді. DVP-3 моделі қолданғанда есеп айырысулар бағалы қағаздар мен ақшалар бойынша міндетті неттинг жасалады.