Биржа тарихы

Қазақстан қор биржасы (KASE) 1993 жылдан бастап – KASE құрылған жылдан бастап қазақстандық қаржы нарығы мен Биржаның тарихын сипаттайтын кітап шығарды. Оны дайындау кезінде KASE мұрағаттық материалдары, қолжетімді ақпараткөздер, сондай-ақ қаржы нарығының 100-ден астам кәсіпқойларының естеліктері пайдаланылды.
Кітаптың алғашқы басылымы 2018 жылы KASE 25 жылдығына орай жүзеге асырылды. Ол ұлттық валюта айналымға енгізілген сәттен бастап тарихи және экономикалық оқиғалар контекстінде Биржаның және бүкіл отандық қаржы нарығының қалыптасу және даму кезеңін қамтиды. KASE Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай KASE және қазақстандық қаржы нарығының тарихына арналған кітаптың екінші толықтырылған басылымын шығарды, онда 2018-2021 жылдар аралығындағы KASE және нарықтың дамуындағы маңызды оқиғалар туралы баяндалады.