21 ақпаннан бастап Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS3004202225 (EBRDe27) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді

21.02.25 18:31
/KASE, 21.02.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 2025 жылдың 13 ақпанындағы шешімімен Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS3004202225 (EBRDe27; 33,0 млрд теңге; 24.02.25 – 24.02.27; өзгермелі тоқсандық купон; actual/365) халықаралық облигацияларын KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізуге келісім берілді. Аталған облигацияларға рұқсат беру бастамашысы "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады. Басқарманың бұл шешімі 2025 жылдың 21 ақпанынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/EBRDe27/ [2025-02-21]