/KASE, 21.02.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің (МЕУКАМ) KZKD00001194 (MUM180_0016)
мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру
бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналдан 82,3206 % (кірістілік –
жылдық 14,20 %) белгіленген кесімдеу бағасы бойынша номиналды құны
бойынша жалпы сомасы 1 500 000 000 теңгеге өтінімдерді
қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған
таза баға номиналдың 82,8076 % құрады (кірістілік – жылдық 14,10%).
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-
саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру
бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген
жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 25 ақпанда болатын және
өтелгенге дейінгі мерзімі11,9 жыл МЕУКАМ KZKD00001194 (MUM180_0016)
орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық
өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/news/show/1537815/
[2025-02-21]