24 ақпаннан бастап "Mogo Kazakhstan" МҚҰ" ЖШС KZ2P00012941 (MFMOb13) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады

21.02.25 14:15
/KASE, 21.02.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 24 ақпанынан бастап "Mogo Kazakhstan" МҚҰ (Мого Қазақстан)" ЖШС KZ2P00012941 облигациялары (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFMOb13; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 19.02.25 – 19.02.26; ай сайынғы купон, жылдық 22,00 %; 30/360) "таза" бағамен сауда- саттық тәртіптемесіне ауыстырылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. [2025-02-21]