21 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Occidental Petroleum Corp. US6745991058 (OXY_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

20.02.25 14:52
/KASE, 20.02.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 21 ақпанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 10 наурызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Occidental Petroleum Corp. (АҚШ) US6745991058 ("KASE Global" секторы, OXY_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 10 наурызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 12 наурызынан бастап қайта басталады. [2025-02-20]