/KASE, 20.02.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Басқармасы 2025 жылдың 18 ақпанында "Сейф-Ломбард" ЖШС
(Алматы) келесі облигацияларының баламалы алаңын "коммерциялық
облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім
қабылдады:
- KZ2P00013386 (MFSLb8; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 360 күн; тоқсандық
купон, жылдық 18,00 %; 30/360);
- KZ2P00013394 (MFSLb9; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 360 күн; тоқсандық
купон, жылдық 19,00 %; 30/360);
- KZ2P00013402 (MFSLb10; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 360 күн; тоқсандық
купон, жылдық 20,00 %; 30/360).
Басқарманың бұл шешімі 2025 жылдың 20 ақпанынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/issuers/MFSL/
[2025-02-20]