20 наурызда "ForteBank" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

19.02.25 10:10
/KASE, 19.02.25/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) 2025 жылдың 20 наурызында акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды. Жиналыстың күн тәртібі: 1) банктің 2024 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы; 2) банктің 2024 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы, банктің бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері туралы; 3) банктің Директорлар кеңесінің өткен қаржы жылына есебі туралы; 4) банктің және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы; 5) 2024 жылы банктің Директорлар кеңесі мен Басқармасы мүшелеріне берілетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы; 6) банктің Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау, сондай-ақ банктің Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақыларының мөлшерін анықтау туралы; 7) "ForteBank" АҚ Корпоративтік басқару кодексіне № 4 түзетулерді бекіту туралы. Жиналысты өткізу туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_relizs_180225_1.pdf [2025-02-19]