"Сейф-Ломбард" ЖШС облигацияларының үш шығарылымы баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

19.02.25 09:43
/KASE, 19.02.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2025 жылдың 18 ақпанында "Сейф-Ломбард" ЖШС (Алматы) келесі облигацияларының баламалы алаңын "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: - KZ2P00013386 (1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 360 күн; тоқсандық купон, жылдық 18,00 %; 30/360), торговый код – MFSLb8; - KZ2P00013394 (1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 360 күн; тоқсандық купон, жылдық 19,00 %; 30/360), торговый код – MFSLb9; - KZ2P00013402 (1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 360 күн; тоқсандық купон, жылдық 20,00 %; 30/360), торговый код – MFSLb10. Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат Басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады. [2025-02-19]