/KASE, 18.02.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың қаңтарындағы
қызметтің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды.
- KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2025 жылдың қаңтарында
28,6 трлн теңгені құрады және 2024 жылдың желтоқсанына қатысты
11,9 %-ға немесе 3,9 трлн теңгеге төмендеді.
- Қаңтар айының қорытындысы бойынша KASE Индексінің мәні 1,2 %-ға
өсіп, 5 644,41 тармақты құрады.
- Қаңтар айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру
2,4 %-ға 32,1 трлн теңгеге дейін төмендеді, саудаланатын корпоративтік
борыш көлемі 2,3 %-ға 14,0 трлн теңгеге дейін өсті.
- Қаңтар айында листинг процедурасынан бір жаңа эмитенттің корпоративтік
облигациялар шығарылымы өтті.
- 2025 жылдың 01 ақпанындағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық
тізімдерінде 260 эмитенттің 756 атаудағы мемлекеттік емес бағалы
қағаздары болды.
Бағалы қағаздар нарығының, шетел валюталарының, ақша нарығының және
туынды құралдар нарығының көрсеткіштерін, сондай-ақ негізгі жобалар мен
іс-шараларға шолуды қамтитын толық ақпарат KASE пресс-релизінде ұсынылған.
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесі –
https://kase.kz/files/press/kz/14_02_2025_Itogi_jan_kaz.pdf
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесі –
https://kase.kz/files/press/ru/14_02_2025_Itogi_jan_ru.pdf
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесі –
https://kase.kz/files/press/en/14_02_2025_Itogi_jan_eng.pdf
[2025-02-18]