/KASE, 18.02.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың
14 ақпанында 2023 жылға жылдық есептер конкурсының қорытындысы
бойынша ұйымдарды марапаттау рәсімін өткізді. Төменде номинациялар
бойынша жеңімпаздар берілген.
"Қаржы секторындағы 2023 жылға үздік жылдық есеп" номинациясы
бойынша:
- "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ – лауреат;
- "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі " АҚ және "Қазақстан
Халық Банкі" АҚ – жүлдегерлер.
"Қаржы емес сектордағы 2023 жылға үздік жылдық есеп" номинациясы
бойынша:
- "Самұрық-Энерго" АҚ – лауреат;
- "ҚазТрансОйл" АҚ және "ҚазМұнайГаз "ұлттық компаниясы" АҚ –
жүлдегерлер.
"Қаржы секторындағы 2023 жылға орнықты даму туралы үздік есеп"
номинациясында:
- "Банк ЦентрКредит" АҚ – лауреат;
- "Қазақстан Халық Банкі" АҚ және "Даму "кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ –
жүлдегерлер.
"Қаржы емес сектордағы 2023 жылға орнықты даму туралы үздік есеп"
номинациясында:
- "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы " АҚ – лауреат;
- Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. және "Самұрық-Қазына" ұлттық
әл-ауқат қоры" АҚ – жүлдегерлер.
"Нақты сектор компаниясының 2023 жылға үздік жылдық есебі"
номинациясы бойынша:
- "Kazakhmys Copper" АҚ (Қазақмыс Коппер) – лауреат;
- "Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы" АҚ – жүлдегер.
"Листингтік емес компанияның 2023 жылға үздік жылдық есебі"
номинациясы бойынша:
- "Қазпошта" АҚ – лауреат;
- "Тау-Кен Самұрық" ҰТК " АҚ және "Samruk-Kazyna Construction" АҚ –
жүлдегерлер.
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесі –
https://kase.kz/files/press/kz/17_02_2025_awards_kaz.pdf
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесі –
https://kase.kz/files/press/ru/17_02_2025_awards_ru.pdf
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесі –
https://kase.kz/files/press/en/17_02_2025_awards_eng.pdf
[2025-02-18]