18 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Nike, Inc. US6541061031 (NKE_KZ) жай акцияларымен және бес атаудағы ETF бағалы қағаздарымен сауда-саттық тоқтатылды

18.02.25 11:00
/KASE, 18.02.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 18 ақпанынан бастап есеп айырысу күні 2025 жылдың 03 наурызына және одан кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі жай акциялармен және ETF бағалы қағаздарымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды: 1) US6541061031 ("KASE Global" секторы, NKE_KZ) NIKE, Inc.; 2) US4642872422 ("KASE Global" секторы, LQD_KZ) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF; 3) US4642885135 ("KASE Global" секторы, HYG_KZ) iShares iBoxx $ High Yield Corporate Bond ETF; 4) US4642895118 ("KASE Global" секторы, IGLB_KZ) iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF; 5) US78468R6633 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, US_BIL_) SPDR Bloomberg Barclays 1-3 Month T-Bill ETF; 6) US74347G4405 ("KASE Global" секторы, BITO_KZ) ProShares Bitcoin Strategy ETF. Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 03 наурызында көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2025 жылдың 05 наурызынан бастап қайта басталады. [2025-02-18]