Еуразиялық Даму Банкінің KZ2D00010881 (EABRb47) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

18.02.25 09:31
/KASE, 17.02.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 18 ақпанынан бастап Еуразиялық Даму Банкінің KZ2D00010881 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары” секторы, EABRb47; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 20.02.24 – 18.02.25; actual/365) дисконттық облигацияларының айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Көрсетілген облигациялар 2024 жылдың 17 қаңтарынан бастап KASE ресми тізімінің “халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары” секторына қосылған. Олар бойынша сауда-саттық 2024 жылдың 21 ақпанынан бастап ашылған. [2025-02-18]