/KASE, 17.02.25/ – 2025 жылдың 14 ақпанында Қазақстанның қор биржасының
ұйымдастыруымен KASE: Joining Tabadul Digital халықаралық конференциясы
өтті, оның аясында KASE-нің Tabadul Hub халықаралық сауда-саттық алаңына
қосылу салтанаты болды. Іс-шараға KASE мүшелері, халықаралық серіктестер,
мемлекеттік органдар мен қазақстандық компаниялардың өкілдері қатысты.
Бұл ынтымақтастық қатысушылар арасындағы кросс-биржалық сауда үшін жаңа
мүмкіндіктер беріп, екі биржаның стратегиялық серіктестігін нығайтады.
Сонымен қатар KASE-нің Tabadul Hub-қа қосылуы бажсыз кросс-биржа
сауда-саттығы үшін екі биржада да сатылатын 490-тан астам листингілік
бағалы қағазға қолжетімділікті қамтамасыз етіп, сауда-саттық процестерін
оңтайландырады және нарыққа қатысушылардың инвестициялық мүмкіндіктерін
кеңейтеді.
Қазақ тіліндегі баспасөз релизі –
https://kase.kz/files/press/kz/17_02_2025_Tabadul_kaz.pdf
Орыс тіліндегі баспасөз релизі –
https://kase.kz/files/press/ru/17_02_2025_Tabadul_ru.pdf
Ағылшын тіліндегі баспасөз релизі –
https://kase.kz/files/press/en/17_02_2025_Tabadul_eng.pdf
[2025-02-17]