/KASE, 17.02.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 18
ақпанында KASE-нің сауда-саттық жүйесінде “Азық-түлік келісімшарт
корпорациясы” Ұлттық компаниясы” АҚ-тың (Астана) KZ2C00010023 (KASE
негізгі алаңы, "облигациялар” санаты, PRKRb9) облигацияларына төменде
көрсетілген талаптармен жазылу арқылы оларды бастапқы орналастыру
(Астана қ. уақытымен) жүргізілетінін хабарлайды.
Көрсетілген облигацияларға жазылу жүргізілген кезде, сатушы "Фридом
Финанс" АҚ (Алматы) (бұдан әрі - Сатушы) болады.
-----------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаз түрі: купондық облигациялар
ISIN: KZ2C00010023
KASE сауда-саттық коды: PRKRb9
Номиналды құны, теңге: 1 000,00
Шығарылым көлемі, теңге:
- тіркелген: 40 000 000 000
- орналастырылған (номиналы бойынша): 5 000 000 000
Айналыс баталған күн: 07.02.25
Айналыста болатын соңғы күн: 06.08.26
Өтеу басталатын күн: 07.08.26
Айналыс мерзімі: 18 ай (540 күн)
Купондық мөлшерлеме: жылдық 18,00%
Купон төленетін кезең: жылына 4 рет
Купон төлеу басталатын күн: жыл сайын 07 ақпан, 07 мамыр,
07 тамыз және 07 қараша
Уақыттық базасы: 30 / 360
--------------------------------------- -----------------------------
Жазылу жүргізілетін күн: 18.02.25
Өтеуге дейінгі мерзім: 1,5 жыл (529 күн)
Орналастырудың номиналды көлемі, теңге: 16 000 000 000
Сатып алуға берілген өтінім түрі: шектелімді
Өтінім қабылданатын уақыт: 10:30–11:30
Мәміле жасалған күн мен уақыт: 18.02.25, 12:30
Есеп айырысу жүргізілген күн мен уақыт: 18.02.25, 12:30
---------------------------------------------------------------------
Осы жазылу жүргізудің талаптарына сәйкес көрсетілген облигациялардың
Сатушысына жария етілетін инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның
атауы кіреді:
Жазылуға қатысуға өтінімдер тек KASE-нің “қор” санатындағы мүшелері
арқылы беріледі. KASE-нің санаттар бойынша бөліп көрсетілген
мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған:
http://kase.kz/ru/membership
Есеп айырысуды “Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі” АҚ жүргізеді.
Бағалы қағаздарға жазылу жүргізу ережелері мына сілтеме бойынша
жарияланған:
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf
Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат
https://kase.kz/ru/bonds/show/PRKRb9 сілтемесі бойынша жарияланған.
[2025-02-17]