/KASE, 17.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 17
ақпанынан бастап айналым мерзімінің аяқталуына байланысты "Home Credit
Bank” АҚ-тың KZ2D00008356 (HCBNb8) облигацияларын негізгі алаңның
корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін
өкілетті тізімнен (сериясы KASE_BM*) шығарды.
2025 жылдың 17 ақпанынан бастап KASE_BM* сериясындағы
индикаторлардың өкілетті тізімінде 56 атаудағы облигация болады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – корпоративтік облигациялар бағаларының индексі, ол
жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағандағы баға
("таза" баға) бойынша есептеледі.
KASE бұл индикаторларды корпоративтік облигациялармен жасалған сауда-
саттық қорытындысы бойынша күніне бір рет есептейді.
Әдістеме мәтіні мына сілтеме бойынша KASE-нің интернет-сайтында
жарияланған:
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf
[2025-02-17]